28 шілде - дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні. Осы ауруды емдейтін орталықта жыл басынан бері гепатит жұқтырған 100-ден астам адам тіркелген. Ал жалпы гепатологиялық орталықта осы бауыр гепатитімен ауыратын 400 науқас есепте тұр. Оның 260-ы созымалы түрінен шалдыққан. Яғни гепатиттің С түрімен ауыратындар болса, 100-ден астам адам Б гепатитімен күресіп жүр. Мамандар гепатиттің қай түрі анықталған жағдайда да даурықпай бірден емделуге кеңес береді. Ал асқындырып алған кезде ол бауыр фиброзы немесе бауыр циррозы секілді ауыр түрлеріне әкеп соғуы мүмкін.