Ақтаудағы 29011 әскери бөлімінің 20-дан астам сарбазы жоғары әскери оқу орындарына аттанды. Олар арнайы бағдарлама аясында емтихансыз тегін білім алады. Қатарында Диасқали Бекқалиұлы да бар.  Жас сарбаз наурыз айында Жетісу облысынан Отан алдындағы борышын өтеуге келген. Командирінен арнайы жоба туралы естіп, жоғары әскери оқу орнына түсуге шешім қабылдаған. Енді Диасқали Ақтөбе қаласындағы әскери институттың теңіз күштері факультетінде білім алады.