"Маңғыстау-Нөкіс-Маңғыстау" бағытына жаңа маршрут іске қосылады. Енді екі ел тұрғындары пойыз арқылы аптасына 3 рет кесте бойынша қатынай алады. Бұл жоба екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған форумның нәтижесінде іске асты. Осылайша туристер 22 сағатта діттеген жерлеріне жете алады. Сонымен қатар, "Маңғыстау" вокзалын реконструкциялау жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама оң қорытынды шығарса, құрылыс жұмыстары басталмақ.