Түпқарағандық кәсіпкер үйдің сыртын қаптауға арналған жылу панельдерін дайындайды. Еламан Елдесбаев бұл кәсіппен айналысып жүргеніне жыл жарым болған. Жылу панельдерінің дайындау процессін әлеуметтік желіден үйреніп, керекті құрылғыны да өз қолымен жасап шыққан. Қазір кәсіпкердің сөзінше құрылыс материалының өндірісі дамып келеді. Өйткені термопанельдер басқа материалдарға қарағанда арзан. Сондай-ақ ескірген үйдің қасбетін қайта жөндеуге ыңғайлы.