Облыста "Қарызсыз қоғам" семинарына қатысушыларының тағы бір легі оқуын аяқтады. Аманат партиясы пен  "Ұлы дала" кәсіпкерлікті дамыту ассоциациясының біріккен жобасы негізінде қарапайым халық қаржылық сауаттылықты меңгеріп шығады. Өңірдің барлық ауданы мен Ақтауда өткізіліп жатқан семинарға келушілер көп. Оқу бағдарламасы адамдарға өз қаржысын тиімді басқаруды, қажетсіз несиелерге кірмеуді, есепшоттарын бұғаттан шешу және интернет алаяқтарына алданып қалмау жолдарын үйретеді.