Өңірде "Таза Қазақстан" акциясына тағы бір ұйым үлес қосты. Қазақстан халқы ассамблеясының облыстағы филиалының ұжымы қала маңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Ақтаудың іргесіндегі Басқұдық ауылының басты көшелерін қоқыстан тазартты. Апта сайын ауыл,қаланың айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартып тұруға әр мекеме, әр түрлі ұжымдар атсалысып жүр. Ертең шара аясында өңір журналистері де тазалық жұмыстарына атсалыспақ.