Шаһарда шағын аудандарды жылу және сумен қаматамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Қазір 11A, 12A 13, 27 шағын аудандарды жылумен қамтамасыз ету қазір басты назарда. Құбырларды ауыстыру үшін 121 миллион теңге бөлінген. Қазір 15-шағын ауданнан 13 шағын ауданға дейін құбырлар ауыстырылып, күрделі жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ сумен қамтамасыз ету үшін 26,27, 28A-шағын аудандарында жөндеу жұмыстарына құны 80 миллион теңге инвестициялық бағдарлама қабылданған. Осыған орай 2 километр құбыр ауыстырылады деп жоспарланып отыр. Қазір оның 1260 метрі ауыстырылған.