Ақтаудағы №2 емханада тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді. Бұған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанынан құрылған мобильді топ ат салысты. Оның құрамында заңгерлер, Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтары сияқты түрлі саланың мамандары бар. Олар медициналық мекемеге келушілердің сауалына жауап беріп, қажет қадамға бағыттады. Айта кетейік, қоғамдық шараға 18 жастан асқан қала тұрғындары да ерікті түрде үлес қоса алады.