Ақтауда 2003 жылы туған азамат суға батып кетті. Жазатайым оқиға 7а шағын аудандағы жабдықталмаған жерде орын алған. Айта кетейік, шомылу маусымдында 12 адам көз жұмды. Оның 4і кәмелет жасына толмаған балалар. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған жерде орын алған. Сондай-ақ төтеншеліктер жаз айларында 59 адамды ажалдан арашалап қалған. Қазір шомылу маусымы аяқталса да мамандар теңіз жағасында профилактикалық шараларды жалғастыруда.