Мұнайлы ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Бүгін "Ақтау-Батыр-Ақтау" бағытына қатынайтын 10 қоғамдық көліктің кілті табысталды. Бұл игі іске тұрғындар да дән риза. 13 жылдан бері Батырда тұратын Жібек Жұматова жиі бұзылатын, уақытылы жүрмейтін, іші тар көліктердің орнына жаңасы келгеніне қуанышты. Айтуынша, бұл ауыл құрылғалы берілген алғашқы заманауи үлгідегі автобустар.