Ақтауда санитарлық талапқа сай келмейтін, қауіпсіздікті мүлдем сақтамастан картоп өнімдерін дайындайтын жер анықталды . Мұны 23-ші шағынауданға қарасты 100-үйдің тұрғындары байқап, әлгі кәсіпкерлік нысанға шағым айтқан. Үлкендер аулада күйген майдың иісінен отыра алмаса, балалар желге ұшқан жарамсыз өнімдерді жеп келген.