Қала тұрғындарының бір бөлігі жылуға, енді бірі суға жарымай отыр. Оған дәлел 13-ші шағын ауданның халқы. 1 аптадан бері судың қысымы төмендеп, әсіресе жоғары қабаттағылар зардабын тартып отыр. Осылайша, тұрғындар 10 шақты күннен бері ішерге су таппай жүргенде, техникалық су да тоқтапты. Аңқасы кепкен ақтаулықтар жауапты мекемелерге шағымын телеарна арқылы жеткізді.