Биыл дүниеге келген нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер белгілі болды. Жыл басынан бері сәбилерге Алдияр, Хамза, Мұхаммед, Нұрислам, Томирис, Айым, Хадиша, Кәусар, Аяла, Айлин есімдері беріліпті. Былтыр Ибраһим, Медина, Айлин деген аттар сәнді болды - дейді Маңғыстау облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары. Ал, Жантөре, Шұға, Гүлмайса, Бәйімбет сияқты есімдер сирек кездеседі екен.