Шайыр ауылы тұрғынының ауласына жалғыз аққу келіп қонған. Көк айдынның еркесі ұзын қанаттарын сермеп, үй қожайынын жатырқаған кейіп танытыпты. Үй иесі құзырлы органдарға хабарласып, мамандарға ауласына адасып келген аққу туралы ақпарат беріпті.