8 наурыз - елімізде түрлі мамандық иесі болып жүрген әйелдер жетістігін атап өтетін күн. Әр арудың, ананың, қыз-келіншектің қоғам дамуына қосқан үлесі құнды. Мерекеге орай арна тілшілері өңірдегі қуыршақ театры қызметкерлерінің жұмысымен танысып, еңбектеріне табыс тілеп қайтты.