"Мектепке қауіпсіз жол" - оқушылардың өмірі үшін маңызды қадам! Осындай ұстанымды қолдайтын ақтаулық оқушылар BeginIT республикалық бағдарламасында бақ сынап жатыр. Солардың бірі - Аружан Хожаберді. Білімді жас, балалар мен тұрғындардың көшедегі және жолдағы қауіпсіздігін сақтауға арналған әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жүр.