Маңғыстаулықтарды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 211 мың текше метр су қажет. Қазір күніне 188 мың текше метр тіршілік нәрі өндірілетін болса, өңір тұрғындары оның 147 мыңын пайдаланып отыр. Кеңесте мамандар, судың жазда тұтыну көлемі артып, тапшылық 23 мың текше метрге дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр.