Енді нотариус қызметіне үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады. Ақпараттық жүйе арқылы жұбайлардың келісімі, мүлікке қатысты билік ету сенімхатынан басқа өкілдік білдіруге қатысты сенімхаттар беріледі. Осылайша, қалаған уақытта бейнебайланысқа шығып, қажетті қызметіңізді аласыз. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеуге септігін тигізеді. Мамандардың айтуынша нотариустың қызметін онлайн алу үшін телефонға «eGov mobile» қосымшасын жүктеу қажет. Тіркелгеннен кейін ғана қажетті қызметтерді алуға болады.