Кендірлі курорт аймағындағы әуежай құрылысын ұлттық сапа орталығы бақылайды. Жол инженерлері ұшу-қону жолағын қазу жұмыстары кезінде қолданылатын жол құрылысы материалынан сынама алды. Келешекте ұшақтарды қабылдайтын аумақ қазір екі метр тереңдікке қазылып жатыр. Алынған топырақтың орнына жергілікті құм-тас карьерінен өндірілген материалдар төселеді. Ал олардың белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін мамандар тексереді. Жоба бойынша ұшу-қону жолағы бес қабаттан тұрады. Аймақтың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жоба құрылысын биыл желтоқсанда аяқталмақ.