"Sax Invest" қаржы пирамидасын басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 10 күдіктіні ұсталды. Компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар, қаржы құралдары мен басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіру бойынша халықаралық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған. Олар мыңнан астам салымшыдан заңсыз 9 миллиард теңгеден астам қаржы тартқан. Тергеу барысында ақшаның көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысының жеке шотына аударылған. Кейін салымшылардың қаражаты компания өкілдерінің жеке мақсаттарына жұмсалғаны анықталды. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2023 жылдың басында басты фигурант 143 салымшымен 1,2 млрд теңгеден астам залалды өтеуге қатысты медиативтік келісімдер жасаған.