Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйінің 30 жылдығына орай, "Жанұя - бақыт тұрағы" атты аудандық байқау өтті. Шараның басты мақсаты - ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді ұлықтап, отбасы құндылықтарын жастардың бойына сіңіру. Байқауға ауданның бірнеше ауылынан отбасылар қатысып, бақ сынады.