Аймақта тарихи-мәдени орындардың күтіміне жауапты болатын арнайы мемлекеттік мекеме құрылуы мүмкін. Бұл туралы түркі елдерінің ғалымдары бас қосқан жиында айтылды. "Түркі халықтарының өркениеті және оның әлемдік мәдениет тарихындағы орны" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Түрікменстаннан меймандар келді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі де шарада бой көрсетті. «Ақтау қаласы - 2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткен кездесу - халықтар арасындағы мәдени байланысты тереңдетуге, ортақ құндылықтарды насихаттауға бағытталған.