Аймақта шомылуға рұқсат етілген 45, тыйым салынған 10 су айдыны бар. Қазіргі таңда суға түсуге болатын жағажайлардың қауіпсіздік тексерілуде. Ал, Ақтау бойынша 31 жағажайда суға түсуге болса, үш аумаққа тыйым салынған. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мәлімдеді. Бұдан бөлек Қарақия ауданында шомылуға рұқсат етілген 9, тыйым салынған 2 орын анықталды. Ал Түпқараған ауданында 6 коммуналдық жағажай және 4 жеке демалыс орны жұмыс істейді. Сонымен қатар, көп жылдан бері өзекті болып келген «Солдатский» жағажайында құтқару бекеті салынып жатыр. Онда полиция және медициналық қызметкерлер үшін арнайы орындар қарастырылған.