Биыл өңірде бірқатар энергетикалық және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысаны жөнделеді. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы мәлімдеді. Жиында былтырғы жылыту маусымының жұмыстары  қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге әзірліктер пысықталды. Мәселен былтыр Ақтауда 367 жылу желісі апаты орын алған. Сонымен қатар «МАЭК» кәсіпорнының екі жылу электр орталығында 3 турбоагрегат пен 1 энергоблок күрделі жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар, Маңғыстау электр тарату компаниясы 500-ге жуық шақырым электр желісін, 106 трансформаторлық нысанды және 5 қосалқы стансаны жөндеуді жоспарлап отыр. Газ жүйесі бойынша 120 блокты және 438 газ реттеу пунктілерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарға енгізілген.