Ақмола және Маңғыстау облыстары мәслихаты депутаттарының жиыны өтті. Мақсат - тәжірибе алмасу, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту. Кездесуге қатысушылар халықпен жұмыс жасау, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, жастармен және БАҚ өкілдерімен өзара байланысты нығайтудағы озық тәжірибелерді талқылады. Ұйымдастырушылар мұндай кездесу тек әріптестікті орнатуға ғана емес, өңірлерді дамыту үшін тың идеяларды жүзеге асыруға бағытталғанын жеткізді. Жиында ынтымақтастықты арттыру туралы меморандумға қол қойылды.