Маңғыстау өңірінде Бекет атаның төрт жерасты мешіті бар. Соның бірі - Бейнеу ауданында. Жартасты мүйістен ойып салынған бұл ерекше сәулет туындысы ғасырлар қойнауынан сыр шертеді. Кезінде Бекет ата осы жерде құлшылық жасап, шәкірттеріне діни білім берген.