Қай салада болмасын тұрғындардың тұрмысын жақсартуға, өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген білікті мамандар аз емес. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай бүгін біз Бейнеу ауданының әлеуметтік-мәдени дамуына еңбек сіңіріп жүрген қос азаматтың қызмет жолына назар аударамыз. Олардың бірі - мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, ал екіншісі - Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары.