Бейнеуде кірпіш зауытының жұмысы қарқынды. Өндіріс жеке кәсіпкердің күшімен жүзеге асқан. Мұнда жылына 2 миллион дана кірпіш өндіріледі. Отандық өнім өндіруге қажетті шикізат өңірдегі карьерден алынады. Зауыт жергілікті құрылыс саласын сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп отыр.