Сайын ауылы - бүгінде қарқынды дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Аудан орталығы Форт-Шевченкодан 111 шақырым, Ақтау қаласынан 32 шақырым жерде орналасқан ауылдың бүгінгі келбеті жаңарған. Инфрақұрылымы жақсарып, тұрғындардың әл - ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.