Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні. Осыған орай Ақтау қаласында сала мамандарының кәсіби мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Достық үйінде өткен салтанатты жиында ел дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер марапатталып, олардың еңбегі көпшіліктің қошеметіне бөленді.