Тарғын Мақтағанов Түпқараған ауданы Аташ ауылдында дүниеге келіп, Алматыда білім алған. Еңбек жолын  Форт -Шевченкода бастап,  дәл осы ауруханаға   1966 жылы тәжірибелі бас дәрігер боп келді. Осы жерде 1977 жылға дейін еңбек етеді.  Ер еңбегі еленіп әр жылдары КСРО  денсаулық сақтау министрлігініің "Денсаулық сақтау үздігі", "Қазақ КСР інің еңбегі сіңірген дәрігер" атақтары беріледі. Бүгінде дәрігердің ұрпақтары ата ізін жалғап медицина саласында қызмет етіп келеді.

Серікбай Төлетов - МО ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бүгін Ералыда тарихи күн. Өйткені Маңғыстаудың өзінің түлегі Ералы ауданның ең алғашқы дәрігері болып жұмыс бастап, медецина саласының дамуына үлес қосқан Тарғын Мақтағановты мәңгі есте қалдыру шарасында ауданы әкімі мен мәслихат депутаттарының шешімімен үлкен бір шара алынып тақта қойылып жатыр.