Бүгін - Ұлттық кітап және кітапханашылар күні. Айтулы мерекеге орай Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара аясында келушілерге арнайы мәдени-танымдық бағдарлама ұсынылып, жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті.