Ұштағандық Жұмагүл Қашқынбаеваның бақшасында бүгінде 80 түптен астам жеміс ағашы өсіп тұр. Алмұрт, шие, қарақат, құлпынай, анар - бәрін бір ауладан табуға болады. Бір кездері әуестік ретінде басталған іс бүгінде табысты кәсіпке айналған. Зейнеткер өз еңбегінің арқасында мол өнім алып қана қоймай, оны ауыл тұрғындарына ұсынып, табыс көзіне айналдырып отыр.