Маңғыстау облысында синтетикалық есірткі заттарын «жасырып кету» тәсілімен және таратумен айналысқан күдіктілердің жолы кесілді. Облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Түпқараған аудандық полициясымен бірлесіп, Ақшұқыр ауылы аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде заңсыз есірткі сақтап, таратумен айналысты деген күдікпен екі адам ұсталды.