1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді. Мемлекеттік қызметші болу үшін енді интернетке қолжетімділік пен тиісті білімнің болуы жеткілікті. Іріктеу процесі ашық әрі қолжетімді онлайн форматта жүзеге асырылады. Ол үшін үміткерлер «eQyzmet» ақпараттық жүйесіне тіркелуі қажет.