Ақтауда тағы бір 44 жастағы ер адам есірткімен ұсталды. Күдікті Приозерный елді мекенінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ақтау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, “Lada” маркалы автокөлікті тоқтатқан.