Бейнеу ауданындағы жаңа теміржол вокзалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба 2025 жылдың екінші тоқсанында басталып, аяқтау мерзімі 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Нысанның жалпы құны 1 млрд 451 миллион теңгені құрайды. Қазір құрылыс басынан бейнеулік әріптесім Гүлнұр Сапарова тікелей байланысқа қосылды.