Телеарна күні - Қызылөзен ауылында! Бүгін “Маңғыстау” телеарнасының түсірілім тобы Түпқараған ауданына қарасты теңіз жағалауында орналасқан елді мекенге барды. Түбектің төл арнасында жалғасып жатқан бастама аясында бүгін “Төрлетіңіз” түскі танымдық хабары және “Аралайық” бағдарламасы ауыл халқының тыныс-тіршілігімен танысып, көрікті жерлерін көреді. Қазір тілшіміз Мөлдір Батырбай Қызылөзеннен тікелей байланысқа қосылды.