Бейнеу ауданының ең қарт тұрғыны - 104 жастағы Сырға Қалиева. Оның өмір жолы қиындық пен ауыртпалыққа толы. Балалық шағы ашаршылық жылдарымен тұспа-тұс келіп, тағдыр тауқыметін ерте тартқан.