Табиғат тылсымын қойнауына бүккен Маңғыстаудың тағы бір тамсандырар туристік орны - Торыш алқабы. Ірілі-ұсақты мыңдаған шар дархан даланың төсінде шашырай орналасқан. Мұндай тастарды облыстың басқа аймақтарынан да кездестіруге болады. Бірақ олардың ең көп орналасқан жері - Торыш алқабында.