Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бастаған волонтерлік топ өңірдегі көрікті табиғи орындардың бірі - Айрақты аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық шараға мемлекеттік қызметкерлер, экологтар және еріктілер қатысып, табиғи аумақтарды қоқыстан тазартуға атсалысты.