Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру барысы қаралды. Биылғы акция аясында өңірде 60 мыңнан астам адам экологиялық іс-шараларға қатысып, 21 мыңнан астам ағаш отырғызылды, 6 мың тоннадан астам қалдық шығарылды.