Күн сайын 100-ге жуық бала облыстық аурухананың қабылдау бөліміне түрлі жарақатпен түседі. Олар әсіресе, ойын алаңдарында құлап, денесін зақымдап алады екен. Дәрігерлердің айтуынша, балалар жаз басталысымен жиі жарақаттанады.