Тұщықұдық ауылында халық ақыны Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ауқымды мәдени шаралар өтті. Мерекелік жиын аясында ақын мұрасын ұлықтауға бағытталған «Ақын домбырасы» инсталляциясы мен «Сәттіғұл сахнасы» салтанатты түрде ашылды.