Бейнеу ауылындағы Жақсыбаевтар әулеті үйінің ауласына 120 түп жеміс ағашын отырғызған. Олардың арасында өрік, алма, алмұрт, жүзім сияқты жеміс түрлері бар. Үй ауласы жасыл ағашқа толы. Бағбаншылықпен айналысып жүрген зейнеткерлердің бақшасын ауыл тілшісі көріп қайтты.