Маңғыстауда жылыжай шаруашылығын дамытуға бет бұрған кәсіпкерлер саны артқан. Солардың бірі - Мұнайлы ауданында орналасқан 35 соттық аумақты қамтитын жылыжай. Мұнда әрқайсысы 360 шаршы метр болатын 5 жылыжай бар. Онда түрлі көкөністер мен жеміс-жидектер өсірілуде. Тіпті тропикалық жемістерді де кездестіруге болады.