Тарихта ерлермен бірге атқа қонып, ел қорғаған аруларымыз аз болмаған. Ал, бүгінгі бейбіт заманда көк байрағымызды биікке көтеріп жүрген арулар жетерлік. Солардың бірі - Айбану Нұрланқызы. Ол джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі және спорт шебері атанған ақтаулық спортшы халықараларық додаларда топ жарып жүр.