Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына орай Тұщықұдық ауылында «Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр» атты республикалық жыршылар байқауы өтті. Екі күнге созылған өнер додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 жыршы қатысып, ұлттық жыршылық дәстүрді насихаттады. Байқаудың бас жүлдесіне Ақтау қаласынан бір бөлмелі пәтер тігілді.