Мемлекеттік қызметші Айгүл Сәрсенбаева - елге сапалы қызмет көрсетуді басты мақсат еткен тәжірибелі қызметкер. Салада 22 жылға жуық еңбек өтілі бар білікті маман бүгінде әкім аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінде жұмыс істейді.