Бейнеу ауданының тұрғыны Орынжан Ақшабаев 2004 жылдан бері ата кәсіппен айналысып, мал шаруашылығын тұрақты дамытып келеді. Бүгінде ол түйе мен жылқы бағып, төрт түліктің бабын табуды өмірлік ісіне айналдырған. Малдың күтімі мен жайылымына ерекше мән беріп, жыл бойы тынымсыз еңбек етеді.